...

Түсіне алмай жүрмін…

Қараша айы болатын. Университеттін кітапханасында сабаққа дайындалып болып жан досым Б. күтіп отырғанмын. Онын телефоны менде болатын. Бір кезде Б-тың телефонына қонырау келді. Мен көтердім. Мерей атты жігіт екен. Таныстық, сөйлестік. Б-тың ауылдасы болып шықты. Б-ты өзіне 2-3 айдан бері қарата алмай жүр екен. Біз тез тіл табысып кеттік. Ол өзіне көмектесуін сұрады. Мен жай Б-тың ойын біліп бере алатынымды айттым. Міне, алғашқы таныстығымыз осылай басталды. Досымнан ол туралы ойын сұрап едім оны ұнатпайтындығын айтты, ал біз Мерей екеуміз ол кезде дос ретінде жақсы араласып кеткен едік (Мерей екеуміз әлі бір-біріміздің түрімізді көрмегенбіз, фото аркылы да). Мерей, Б-ның бастартқанына қарамастан сөз салып жүрді. Ал, мен Мереймен телефон арқылы жақын дос болдым. Тіпті, досыма оның сөзін алуын сұрайтын едім.
Университетте жарыс болды, біздің тобымыз оған қазақтың көрінісін қоятын болдық. Жан досым екеуміз де оған қатыстық, қазақтың келіні рөлін алдық Б. екеумізде. Дайындық үстінде менің телефоныма Мерейден қонырау келді. Алдым, сөйлестік. Б. екеуміз бірге суретке түсіп ММС арқылы жіберуін сұрады. Басымызға ақ орамал таққан, қазақи киім киіп тұрған Біз фотоға түсіп жібере салдық (Мерейге ММС жібергенімді Б. білген жоқ). Кешке Мерей соқты. ММС-ті алғанын айтты “Ақ орамал Б-ка қарағанда саған өте жақсы жарасады екен” деді. Мен оның сөзін ойынға айналдырып кеттім. Сол күннен бастап ол маған жиі соғатын болды. Б-тан көңілі калғанын айтты. Б-та ол кезде басқа жігіттермен сөйлесетін.
Түнгі сағат 11:00 жатақханада мұндай кезде нағыз қызық уақыт, Мерей тел. соқты:
– Алло, сәлем Айко.
-Сәлем.
-Қалайсын?
-Жақсы. Өзін?
-Жақсы. 12:00 де тел. бос қойшы. Мен соғам.(маған сол кезде сөз салып жігіттер көп соғатын)
-Жарайды.
-Жақсы, 1 САҒАТТАН КЕЙІН СОҒАМ ОНДА! Пока…
-Пока!
Түнгі сағат 12:00 күндегіше жігіттер соға бастады мен олардың қоңырауын көтерген жоқпын, соның арасында Мерей соқты. Мені ұнатып қалғанын жайлап білдіре бастады. Күндер өте менде оған бауыр басып қалдым. Біз жүріп кеттік. Маған үйленуге ұсыныс жасайтын, мен оқуымды бітіргенше күт дейтінмін. Мерей ренжитін “сонда мені сүймейсін бе? Өзім оқытамын” деп. Мен оны кұрбыма ашық айта алмадым. Оның алдында өзімді қатты кінәлі сезіндім.
Желтоқсан айының соңғы күндері, сессия басталып кеткен. Сабақтарымның барлығын 5-ке тапсырып жатырмын. 26.12.2011ж. неміс тілінен сессия. Оныда 5-ке тапсырып шықтым. Сессиядан шыққасын Мерейге соқтым. Ол қалаға келгенін айтты. Кешке кездесетін болып келістік. Алғашқы кездесу…
Кеш… уәделескендей біз кездестік. Ол менің көздеріме қадалып қараумен болды. Біз бұрыннан кездесіп жүрген адамдардай тез сөйлесіп араласып кеттік. Кино, боулинг… Бәрі тамаша, көңілді кездер еді. Ол мені жатақханаға әкеліп көздеріме тағы тесіле карап:
-Мен сені сүйем!-деді. Ернімнен сүйіп қимай-қимай қоштастық.
Осылай 3 күн бойы кездесіп қыдырдық. 28.12.2011ж. соңғы рет кездестік. Ол сол күні ауылына кететін болды. Мені шығарып салып тұрып:
-Айко, менің көздеріме тіке қарап тұрып мені сүйетініңді, маған сенуге уәде берші.
-Сені сүйем, Жаным. Саған сенем, уәде…
-Енді бір-бірімізді қашан көретініміз белгісіз. Мен қалаға көп келе бермеймін. Менде сені қатты сүйем. Ауылға барғасын хабарласамын.
29.12.2011ж. менде сессия аяқтап өз ауылыма қайттым. (Мерейдің ауылы қаладан 1 сағаттық жер, ал менің ауылым қаладан 1.5 сағаттық жер еді.) Мерей сол түні маған күндегі уақытынан өте кеш соқты. Мен оған басында қатты ренжідім. ал ол ақталды. Кейін біз татуласып тел. қосып қойып бірге ұйықтадық (ол әдетке айналып кеткен еді). 30.12.2011ж. сол күні күндіз Мерей менімен күндегіше сөйлескен. Кеш батқан сайын сөздері қылықтары өзгере берді. Түнде соқпады. Тел сөндіріп тастаған. 31.12.2011ж сол күніде телефоны сөніп тұрды. Кешке агентте отырып Мерейдің кұрдас баласымен сөйлестім. Мерейді сұрадым. Ол көргенін айтты. Содан соң “мүмкін ол сенімен жүргісі келмейтін шыгар енді” деді. (мен Мерей соның қасында екенін сездім). “Не болсада мен оның не себепті хабарласпай жүргенін өз аузынан естігім келеді” дедім.
1.01.2012ж. жаңа жыл… Менің көңіл күйім жоқ… Обедтің кезі болатын шыдай алмай Мерейге соқтым. Қонырау барып тұр, көтерді:
-Алло…
-Алло, сәлем. Калайсын?
-Жақсы. Өзін?
-Жаман, неге хабарласпай кеттің?
-Шаршап, ауырып жүрмін.
-Сонда да 1 смс жазып жіберуге болады го.
-Мен 2 күн болды тел. ұстап жүрген жоқпын.
-Не болды? Ол себеп емес. Шыныңды айтшы…
-Айко, осымен бәрі бітсінші.
-Не болды? Себебі бар ма?
-Жоқ…
-Өтірік айтпа! Жайдан жай бұлай істемейсін го.
-Себебін айта алмаймын.
-Неге? Айтшы…
-Сен туралы бір әңгіме естідім, бірақ кім айтқанын, не айтқанын айтпаймын.
-Айтшы, не айтты? Ол рас па? Өтірік па білмейсін го, егер рас болса растығын айтам, өтірік болса 100 процент өтірік екенін дәлелдеп бере алам қандай өтірік әңгіме болсада. Сен ол әңгіменін рас, өтірігін білмей жатып қалай бұлай істейсін?
-Енді керек емес, менің енді көңілім қалды… Мен кеше Б.пен кездестім. Саған ерегесіп…
Сол күннен бастап 3-4 күн хабарласпады. Кейін номерін ауыстырып тастапты. Мен оған қатты ренжідім. Бірақ ренішімді өзіне айтпадым. 4 күн өткен соң ол өзі белгісіз номермен хабарласты. Сөйлестік…
7.01.2012ж. мен қалаға бардым, қасында Б. және М. құрбым бар еді. (М. Мереймен жүретінімді білетін, және оларда тел арқылы жақын дос еді, рулас болғасын аға-қарындас болып сөйлесетін. ал, Б. оған ашық айтпасамда ол сезетін). Мерей М.-ға соқты, қасында отырған болатынмын. М-дан телефонды сұрап алып Мереймен сөйлестім. Олда қалада жүр екен. Кездесуді сұрадым. “Болған оқиғаны бетпе-бет сөйлесейік” дедім. Ол кездесуден әр нәрсені бір сылтауратып қашты. Тіпті менімен сөйлескісі де келмеді. (Бұл өзі қандай көргенсіз қыз дейтін шығарсындар, бірақ оның бұл қылығына ішім жаным қарап отыра алмадым, кездесіп бәрін бетіне басып айтып салғым келді). М. тағы хабарласып Б. екеуін кездесуге шақырды. Мұнын бәрін мен естіп тұрғанмын. Екі құрбым да кездесуден бас тартты. Мен Мерейге сол кезде қатты ренжідім, жек көріп кете жаздадым. Сол күні Б-ка бәрін айттым. Кешірім сұрадым. Ал, ол:
-Айка, қойш. Кешірім сұрама. Мен бәрін біліп жүрдім. Жан досыма еш өкпем жоқ. Меннен несіне кешірім сұрайсын?Мен онымен жүрген жоқпын го. Мен саған ренжи алмаймын го…
Құшақтасып бір-бірімізге сырымызды айттық. Шынайы достық міне, осы!
-Мерей, маған соғып жүр, Айка.
-Ааа. солай ма?
-Иа, бірақ енді мен оның қоңырауын көтермеймін…
Сол күні ауылымызға кеттік. Мерей арасында маған хабарласып тұратын. Бірақ “үміттен бе, бәрі бітті” дейтін.
-Алдында калаға барғанда неге кездескін келмеді?
-Кездескім келді. Анығырақ жүрегім кездескісі келді. Бірақ ойым қарсы болды. Адамның ойы мен жүрегі екі бөлек ко. Көздеріне тіке қарауға батылым бармады.
14.01.2012ж. Кешкі сағат 8-дер шамасы болатын, белгісіз номерден қоңырау келді, көтердім. Мерей екен:
-Алло, Айко…
-Алло…
-Сәлем, қалайсын?
-Сәлем, жақсы. Өзін?
-Жақсы, мен саған бара жатырмын, шыға аласын ба? (Мерей екеуміздің ауылымыздың арасы 1 сағаттық жер еді.)
-Жақсы.
-Онда барғанда хабарласамын.
Келді. Бұрынғыша ол менімен күліп, бетімнен сүйіп құшақтап амандасты. Алғаш кездескендей күлімдеп менің көздеріме қадалып ұзақ қарап тұрды. Мен:
-Не болды? Неге келдің? Шаруаңды айт.
-Айко, кешірші мені…
-Неге? не үшін кешірім сұрайсын? Менің саған өкпем жоқ. Бір АЛЛА бар, бәрін көріп тұр, кімнің “ақ”, кімнің “қара” екенін. Келген шаруаңды айт.
-Айко, кешір…
-Мерей, менен не себепті кешірім сұрайсын? Не болды? Қайта жүруге ұсыныс жасауға келдін бе? Әлде, “бәрі бітті” деп айтуға келдің бе?
Ол үндемей менің көздеріме тағы қадалып ұзақ қарады. Содан соң:
-Бәрі бітті деп айтуға келдім.
-Болды ма?
-Иа.
-Жақсы. Айтарыңды айттын. Келіп айтқанына көп-көп рахмет. Енді мен үйге кетем.
-Айко, сәл тұра тұршы…
-Тұрғанмен ештеңе өзгермейді. Пока…
-Пока… Ауылға барғасын хабарласам. Түнде ұйықтап қалмашы.
-Жақсы…
Неге екенін қайдан Мерейдің айтқан сөздері маған еш әсерін тигізбеді. Қайта мойнымнан ауыр жүк түскендей болды. Уйге келгесін күндегіше ештеңе болмағандай жүре бердім.
Түнгі сағат 1.30. Мен ол кезде маған сөз салып жүрген Е. атты баламен сөйлесіп отырғанмын. Сол кезде Мерей соқты.
көтердім:
-Алло.
-Алло, Айка, кіммен сөйлесіп жатсын. Тасташы оны…
-Жақсы, қазір күте тұр…
-Тастадын ба?
-Иа. Ауылға қалай жеттін?
-Жаман, жолда біреулермен ұстасып қалдым, ГАИ ұстап алды, Содан үйге жаңа келіп жатырмын. (Оның көңіл-күйі жоқ еді)
-Көңіл-күйін жоққо. Неге?
-Білмеймін.
-Үйге келмей тұрып жоқ болды ма? Үйге келгесін жоқ болды ма?
-Үйге келгесін.
-Неге? Үйдің адамдары сөйледі ма?
-Жоқ, олар ұйықтап жатыр.
-Ммм…
-Мана сенің көздерін мен жүрегіне қарадым…
-Не көрдің?
-Көздерін бұрынғыша жарқыраған әдемі, Жүрегін мен көздерінде маған деген сезім жоқ сияқты.
-Онда қателесіп көріпсін
-Солай ма?
-Иа…
-Айко, менің ұйқым келді, бірге бұрынғыша тел. қосып қойып бірге ұйықтайықшы.
-Жақсы. Қайырлы түн!
-Қайырлы түн!
-Тәтті ұйықта!
-Сен менненде тәтті ұйықта!
Ертесіне түнде тағы соқты. Сол күні Мерей маған ” кұдай-құдай жаным, тәп-тәтті өзі” деген сөздер айтты. Мен оның мұндай сөзіне таң қалдым, бірақ үндеген жоқпын. Ол маған “Айка ешкіммен сөйлешпеші” деді. Мен “жақсы” дедім. Сол күннен кейін ол тағы 3 күн хабарласпай кетті. 3 күннен соң хабарласты. Күндегі әдеті бойынша түнгі 1-лерде хабарласты. Шаршап жүргенін, алысқа кеткісі келетінін айтты. Менде шыдай алмай оны ұмыта алмай жүргенімді айтып, жылап жібердім. Ол “Айко, болды, қойшы!” деді…
Міне, күндерім осылай өтуде. Менің түсінбейтінім ол “бәрі бітті” десе неге маған хабарласады. Неге? Неге? Неге? Ал, мен онымен сөйлеспейін десем сағынамын, шыдай алмаймын ол соққанда. Достар маған ақыл қосындаршы! не істеуім керек? Оның қандай ойы бар?!

тусине алмай журмин,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх