Мен ішімдегі махаббат сырымды бөліссем деп ойлаймын.Бәрі менің колледж бітіріп,диплом алған күннен басталды.Менің ұнататын адамым ағамның досы,тіпті жақын досы десем де болар.Бұрындары ол кісіге көңіл бөлмейтінмін.Диплом алған күні группаластарымен,ағамның достарымен бір жерде бірге болдық.Ол кісінің мені ұнататын біліп жүрсем де, білмегендей кейіп таныттым.Сол күні ол кісі менің қасымнан шықпай,ағам ретінде жүрді.Тіпті туған ағам ондай көңіл бөлмеді.Үйге қайтатын кез келіп қалды, ал біз құрбымызды есік алдында тосып тұрдық.Ол кісі біздің жанымызда тұрып,көзін меннен алған жоқ.Содан не керек үйге әкеліп тастады.2-3 күн өткеннен кейін үйге звондады, бір қыздың логинін сұрады.Мен бердім.Одан кейін әңгімені жалғастырып, былай деді
-сенің жігітін бар ма?
Мен: -Жоқ деп жауап бердім.
Дұрыс жігітпен жүрме оқуынды жалғастыр.Қазір көп жігіттер адал қызды жар етуді армандайды деді.Ағана айтсай мен сенің жігітім екенімді деді.Мен не дерімді білмей: -қалай айтам,мен саған аға ретінде қараймын ғой.Сен ағамның досы болсан,менің де ағамсын деп жауап қаттым.Арада біраз күндер өтті кейін түсіне бастадым ол кісіні менде ұнататынымды.Енді білмей жүрмін не істейтінімді.Сезімді жеткізсем, ағамнан бата алмаймын, бір жағынан өзім да қыз сезімін жеткізген дұрыс емес пе деп те ойлаймын.Мінезі қатал болса да, шыдай алатындай сезінемін.Кейде оған сезімді жеткізсем, жарайды екеуміз бірге болармыз, бірақ ұзақ уақыт емес деген ойда келеді.Себебі: ол кісінің мінезі қаталдау,өз қалағанын істететін адам.Ал мен намысшылмын.Ондайды ұнатпаймын.
Өз сүйгеніне емес, өзінді сүйгеніне қосыл деп бекер айтпаған шығар.Бұлда дұрыс сияқты.Мені 5 жыл ұнатып жүрген жігіт бар. Ол кісіні ұната қоймаймын.Бірақ адамды түсінуі, әр бір сөйлеген сөздері жүйелі,мәнді.Тіпті маған арнап өлең жолдарын да жазды.Кейде сол кісіні таңдасам, мүмкін бақытты болармын деген ой маза бермейді.Уақыт өте келе мен де ол кісіні ұнатып кетермін десем де,білмеймін көңілім басқа адамда болғаннан кейін ба? әйтеуір қашқақтай беремін.Дегенмен адамның көңілі басқа біреуде болса,біреудің көңіліне мән бермейді екенсін .Қанша жерден сол кісінің орнына қойсан да.Дегенмен бәрін уақыт көрсетер.
Подписаться
0 Комментарии
Старые