...

Махаббат уақыт талғай ма?

Махаббат сонша айтуға оңай, ойға жаттанды сөз… Соған қарамастан мағынасы теңіздің түп – тұңғиығында жатыр… Теңіз суы бірде жанға жая жылы, бірде тіс сықырлататындай суық болады емес пе? Мен үшін махаббат та сондай, жаныма бақыт сыйлайтындай қымбат, көңіліме қаяу келтіретіндей өкінішті…
Алғашқы махаббатымды 7 сыныпқа дейін ешкімге арнағым келген жоқ, оның жан – дүниемнен қалай шығып кеткенін байқамай қалдым… Сол алғашқы махаббатым арналған жігіт арқылы оның қыр-сырын толық меңгердім десем болады, оған сол үшін де рахмет. Қыр – сырын меңгеріп қана қоймай, оның өкінішін, қиыншылығын толық көрдім, әрине ол балалық сезім, бірақ дәл сол балалық сезім менің жанымды жегідей жеді…. Сол уақыттан бастап мен адамдарға қатты таңдау жасайтын болдым, себебі менің сезімімен ойнап, маған жамандық ойлаған адамдар қасымда аз емес екенін түсіндім. Солардың бірі менің алғашқы махаббатым…
…Өмір осы. Секундтар, минуттар, сағаттар, тәуліктер, айлар, жылдар тоқтамай өз қарқынымен өте берді… Арада 3 жыл өтті, осы аралықта ол менің досым та, туысым та, жақыным да, жауым да, бейтаныс адамым да болып шықты. Оны әйтеуір деп ұмыттым…Оны ұмытуға маған бірден – бір көмек болған сөз ” Алғашқы махаббат үнемі сәтсіз” қайдан шыққан сөз екенін білмеймін, бірақ соған қатты сендім де оны мәңгілікке жадымнан шығардым…
Ендігі махаббатымды таба алмай дел болдым, қанша жігіт өз сезімдерін ағынан жарылып айтып жатса да, дәлелдеп жатса де сенбедім, түсінбедім, сүймедім… Жүрекке әмір жүрмейді…
Бірде менен аз емес жас үлкен адаммен таныстым, ол басында маған мүлде ұнамады, тіптен қорқыныш сезімін ұялатты, бірақ қызықтырды… (қыз деген сол ғой сау басына сақина іздеп жүреді) Сөйлеген сөзі, айтатын әңімелері, қылығы, қалжыңы арқылы менің достастығыма жол салды. Сөйтіп бірте – бірте мені өзіне баурап ала бастады…
Бұл жаз уақыты болатын, яғни шілде айы. Ол маған таңның атысымен « қайырлы таң» күннің батысымен «қайырлы түн» деген хаттар жібере бастады, хабарласып тұрды, әр түрлі сауалнамалар қойып маған көп уақытын бөле бастады, менің оған жыным келетін, бірақ сондай қылығымен менің есімнен шықпайтын әрекеттер жасады, оны шамадан тыс ойлап, әр арманыма қосып жүретін әдет таптым. Бірте-бірте бауыр басып келе жатқанымды түсіндім, себебі ол менің балалық шақтан басталған арманымдағы сері жігіт екенін дәлелдеді… Осыны іштей білдім де өзімнен-өзім шошып, оған үзілді-кесілді өтірік айтып, хабарласпауын өтіндім. Ол ештеңе түсінбей қалды, бірақ сабырлықпен «көреміз» деді( іштей менің жан күйзелісімді түсінгендей). Болды, бітті деген ойда жүргенде демалыс та бітіп, сабақ басталып қақынды түрде кірісіп кеттім…
…Бір күн түсіме енді, оянып алдым да мәзбын , өте қуаныштымын белгісіз қуаныш, шаттық…. Кешке ол хабарласты, қайтадан пайда болып маған өз сезімдерін ашық түрде айтып, махаббатын сөз арқылы дәлелдей бастады, мен бақыттан басым айналып жатты, өзіме – өзім шектеу қоя алмадым, күле бердім – күле бердім… Бірақ оған білдірмедім… Сол сәттен бастап ол менің есімнен шығар емес… Мен оған деген сезімім бар екенін және ол күн өткен сайын артып келе жатқанын түсінген сайын жүрегім ауызыма тығылады… Ол менен үлкен, жасы әжептеуір не істеймін? Жүрегім оған қарай тартса, санам оған қарама-қарсы жаққа ауады… Ең жаманы оған ештеңе айтпауым, менің оған деген сезімімді ол білмейді, тіптен сезбейді де… Не істеймін? Не? Махаббат жасқа қарай ма…???
ХІХ – ХХ ғасырда қараған ал ХХІ ғасырда қарай ма? Әлде махаббат кезең де талғамайды ма? Ойлана – ойлана теңіз түбіне түсіп кеттім, енді сол бір тұңғиықтан қашан шығатынымды…

махаббат уакыт талгай ма,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх