Мен ол жігітке бір көргеннен ғашық болдым. Оны алғаш көргенде өмірлік арманыма айналарын қалай ғана сезбегенмін.Оның есімі-Еркін. Ол Тараз қаласында тұрады.Ал мен Семей қаласынан боламын. Біздің қалаға күрестен жарысқа келгенде танысқанбыз.екеуміз қаладағы спорт комплексінің ішінде алғаш рет кездестік.Ол менің логинімді сұрады, мен бердім.Кешкісін екеуміз агент арқылы сөйлестік.Ертең өзін шығарып салуға келуімді өтінді.мен бардым.Коштасып тұрған сәтте ол меннен мәңгі алыстап бара жатқандай болып еді. Расында солай болды.Біз біраз уақыт телефон арқылы хабарласып жүрдік. Ол меннен алыста болса да, күннен күнге жақындап бара жатқан еді.Мен Еркінді құлай сүйдім. Бір күні ол маған “екеуміз жүріп жүр дегенге ешкім сенбейді.Сен ана жақта, мен мына жақта.Оданда достар болып қалайық” деді. Менің жанарымнан қос тамшы жас үзілді. Оның дос болғым келмеді.Бірақ жоғалтып алудан қорықтым.Қимадым.Және де досы болуға келістім. Менің осығанға дейін жылағаным түкте емес екен.Әйтеуір бір күні кездесерміз, мені әлі-ақ сүйіп кетер деп үміттеніп жүргенде, үмітім быт-шыт үзілді.Көзім жастан құрғамайтын болды.Оның суреттерін көрген сайын, жүрегіме біреу пышақ салып алғандай болады.Мен өзімді білмейді екем .Мен махаббатта тұрақты жан екенмін. Еркіннен кейін ешбір жігітке қараған емеспін. Сірә-да қарай алмаспын.Таң атсада, күн батсада ойлайтыным сол бір жан. Мен өмірімнің құрдымға кетіп бара жатқанын түсіндім. Өлгім келді.Мені ештеме жігерлендіре алмады.Мен қазір тек ата-анам үшін өмір сүріп жүрмін.Себебі: ол адамдар қиыншылықты көп көрген жандар. Олардың өмірін одан әрі қиындатқым келмейді. Бірақ Еркінсіз өмірдің қандай мән-мағынасы бар? Махаббат-ғажап сезім. Содан былай мен ешқандай ғашықтардың екіге айырылысуын қаламаймын.Еркінді сүйем.Қанша уақыт өтсе де ұмыта алар емеспін.Жоқ.Мен оны ешқашан ұмытпығын. Одан басқа ешкімде, ешкімде керек емес !!!
Подписаться
0 Комментарии
Старые