Білім күні . 1ші қыркүйек! Сыныптастарымызбен кабинетке кірдің. Апаймен классқа тағы екі бала кірді. Апай таныстырды,олар енді біздің сыныпта оқиды екен. Екеуі де сондай сымбатты. Бізді жаңа орындарға орналастырып жатырды. Мен жаңадан келген баланың қасында отыратын болдым. Екеуміз жақсы тіл табысып кеттік. Күн сайын ол мені үйіме дейін шығарып салып, таңертен мені күтіп тұратын еді.
Сөйтіп жүріп арада жарты жыл өтті.Екеуміз жан дос болдық.
Жаңа жыл. Жаңа жылға байланысты отырыс ұйымдастырдық. Сол отырыс біткесін ол мені үйіме дейін тағы да шығарып салды.
ҚАп-қараңғы. Күн аяз! Далада тірі жан жоқ. Тек екеуміз менің үйімнің жанында тұрдық. Ол біраз сөйлесейікші деп жібермей тұрды. Сол кезде ол мен сені ұнатамын менің қызым боласың ба деді. Ол жауап бер сосын жіберемін деді.Мен арамыздағы достығымызды бұзғым келмей: Иа дей салдым. Оның соңы шын махаббатқа ұласатынын білмедім.
Мен оған қатты бауыр басып қалдым. Оны көрмесем күнім дұрыс өтпейтіндей болды. Бір-бірімізді қатты жақсы көрдік.
Уақыт өте біздің кездесетінімізді бүкіл мектеп,мұғалім барлығы білді. Тіпті, класста бізді жас жұбайлар деп жүрді. Бір класстасымыздың туған күнінде би билеп жүргенде ол мені көтеріп алды. Далаға алып кетті. Сосын ернімнен сүйді. Мен де қарсы болмадым. Екеуміз далад 1 сағаттай тұрған болармыз.мен үшін бұл күн ең бақытты болды… Махаббаттан басым айналып жүргенде анам бәрін біліп қойды. Мама маған шарт қойды егер оны шын жақсы көрсең,айырылысқың келмесе онда маған ол туралы бүкл мәліметті бер деді. Ол қайда тұрады, ата-анасы кім бәрін сұрады. Сосын мен айтып бердім! Мамам жаксы онда! Әзірше кездесе беріңдер деді. Мен қуанып кеттім. Екеуміз әрі қарай кездесе бердік.
Арада үш жыл өтті. Біз әлі күнге шейін біргеміз. Бір-бірімізсіз тұра алмаймыз. Содан жаңа жылға тағыда отырыс ұйымдастырдық. Бүкл класс бардық. Достарын да алып келгендер болды. Кеште батыл, шыншыл ойынын ойнадық. Содан кезек менің Салтанат есімді жан досыма келді.Ол батылмын деді. Бір бала(озім танымаимын) оған Жанболаттың(менің жігітім) ернінен сүй деді. Ол жарайды деп оны бүкл жұрттың көзінше сүйіп алды. Жанболатта ундемей мақұлдағандай тұрды. Сол кезде адамдар : ее жігітін қызғанбайды, анау-мынау деди. Ал мен болсам қызғанышштан өртен іп баратырмын. Мүмкін ол ойын шгар брак соншама жүрекке тиіп не керек?! Түсінбедім.Сол күннен бастап Салтанат пен мүлде сөйлеспей кеттім. Ал Жанболат болса, оны жақсы көргендіктен, онымен қарым-қатынасымды бұзған жоқпын. Алайда Жанболат өзгере бастады.
Бір күні дене сабағында ол қарсы сыныпта оқитын бір қызды сүйіп тұрды. Мен өз-көзіме өзім сенбедім. Оған айтқан кезде, тек ойнап тұрдық деді.
Мен не істерімді білмедім. Жанболатқа 1ші рет сенбедім. Білмеймін неге екенін. Бірақ қанша тырыссам да сенен алмадым. Содан соң екеуміз айырылайық дедім. Ол жок , мені кешірші балалар арасында тек ойын үшін сүйдім деді. Мен өзім үшін баяғыда шешіп койғандай болдым.
Оны қатты жақсы көрсем де басқа жігітпен жүрдім. Бірақта оны ұмыта алмадым. Сондақтан мектеп ауыстырдым. Ол әлі күнге дейін жүрегімнің тукпірінде. Оны әліде болса сүйемін.
Кезінде қандай болдық.Ал қазір: Екеуміз бір-бірімізді танымайтындай сөйлеспей өтіп кетеміз.
Оған сол кезде сеніп кешірсем не болар еді? Білмеймін кейде сол Кезде кешірмегенім үшін өкінемін!!! Екеуміздің де алғашқы махаббатымыз осылай, қызық басталып, қызық аяқталды.