әні, сөзі: Асан Пердешов
Қайтемін сенің сұлу бейнеңді
Алыстан қолын бұлғаған
Қайтемін сенсіз жыр мен күйлерді
Ұйқымды түнде ұрлаған
Екеумізді қоспады тағдыр
Жүрсекте бірге қаншама сан жыл
Сен кеттің
Көз алдымда өмір жоқ болып қалды
Сені сүйген жүрек от болып жанды
Тек өзіңе ғана арнадым әнді
Бақытты бол жаным
Сенің күліп тұрсың мәңгі жанарың
Саған айтар басқа қалмады амалым
Осы әнімді жаным саған арнадым
Бақытты бол жаным
Ұмытайын қалай күндерді қызық
Өзіңмен бірге өткізген
Мұңаймашы сен көркіңді бұзып
Жанымды көрсең күзбен тең
Табармын бір күн бақытымды
Өзіңдей жанды жүрегі жылы
Сен кеттің – басқаға
Көз алдымда өмір жоқ болып қалды
Сені сүйген жүрек от болып жанды
Тек өзіңе ғана арналатып әнді
Бақытты бол жаным
Сенің күліп тұрсың мәңгі жанарың
Саған айтар басқа қалмады амалым
Осы әнімді жаным саған арнадым
Бақытты бол жаным