Әні: Гаухар Әлімбекова
Сөзі: Сабырхан Асанов
Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?
Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе?
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып,
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып,
Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе?
Қ-сы:
Жазығым не, мен әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай менде жұмбақ,
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай менде жұмбақ,
Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiң,
Күлгенiң айыра алмай, жылағаның.
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа,
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа,
Қалжырап кеп қасыңа құлағаным.
Қ-сы:
Жазығым не, мен әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай менде жұмбақ,
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай менде жұмбақ,
Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
Күндер өтер жарқырап таң атқанда,
Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң,
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң,
Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?