Әні: Рысбек Мұрат
Сөзі: Нұрзат Рахат
Кеш жарық ханымдар, және де мырзалар!
Ақкөңіл құрдасқа арналған әнім бар.
Жүресің сен дара, жүремін мақтана
Өзіңдей ақ құрдас әлем де бір дана
Сен әрқашан жанымдасың,
Туғанымдай бауырдайсың, әппақ құрдасым.
Аман болсын алтын басың,
Ақкөңілің ортаймасын, әппақ құрдасым.
Сынақтан шаршама, өмірде бақталас,
Сыйластық сақтаған бөлексің, ақ құрдас
Достарың қаншама, ойланып сен қара,
Шын досты сатылмас ақшаға.
Сен мен үшін золотойсың,
Бауырымсың, дорогойсың,
Әппақ құрдасым.