Бастасақта бірге бақтың күшін,
Тәңір бізге мұң сыйлады тосын!
Бір кездері достасып ек үнсіз,
Бір мезетте қоштастық-ау сосын!
Жастық жыры жанарыңда мұңлы,
Соны көріп қайғы жанға сіңді.
Өз-өзіңмен жұбаналмай жүріп,
Сезіміңмен жұбатасың кімді?
Қайырмасы
Жүрегіме сезім мұңы батты.
Махаббаттың азабы да тәтті,
Қаққан есік ашылмаса мейлі.
Ашқан есік жабылмасын қатты (2рет)
Қатты,қатты,қатты,қатты
Қос жүректі ауыр мұңға бөлеп!
Ақталамыз біздер енді не деп?
Жылытуға ғашықтарды жалғыз,
Айырылмастай ыстық сезім керек!
Сен кеткелі шырқалмады әнім!
Оралайық тәтті кезге жаным!
Шын сүйгендер қосылмайтын солай,
Махаббаттың өзгертейік заңын.
Қайырмасы
Жүрегіме сезім мұңы батты!
Махаббаттың азабы да тәтті.
Қаққан есік ашылмаса мейлі,
Ашқан есік жабылмасын қатты.
Қатты, қатты, қатты, қатты!