Әні: Райымбек Өтепов
Сөзі: Талғат Мықи
Менен қашып құтылмайсың,
Одан бірақ ұтылмайсың, сенші.
Кері теппей келісім бер,
Кері кетпей мен үшін кел… келші!!!
Өміріңнен уақыт бөліп,
Көңіліме бақыт болып енші.
Уақыт бөліп бақыт болып енші жаным, оу,келші!!!
Қайырмасы:
Өзіңнің ғана құрметіңе,
Ойлауды сені түнгі екіде,
Кіргізіп алдым міндетіме!
Міндетіме..
Келеді сенің кім бетіңе,
Оянып сенде түңгі екіде,
Ойлайтынымды түңгі екіде..
Күнде тіле…
2.Жаным қашан тынышталат,
Жалғыз уайым тұр ұстап ап, ол – Сен!
Жүрегімнің ауырғанын,
Жүз градус жалын барын көр, Сен!!!
Жадыраймын тек Сен бүгін,
Жүз жылыңның сексен жылын бөлсең.
Барым болып, бағым болып, жарым болып, оу, көнсең!