Қиялмен әлемді кеземін
Қарайлап адал жаққа
Кіршіксіз бақытты сеземін
Көздерің қадалғанда
Жас жүрек сыңарың іздейді
Жетелеп сан арманға
Қимасан сеземін шуағың
Өкінбей амал барма
Қара көзім қара көзім
Өзіңсіз күнім қайғы
Саған деген дара сезім
Мәңгілік суынбайды
Күлімдеші күлімдеші
Жылатпай жүрегімді
Сен де мені күнім деші
Қабыл ал тілегімді
Әр таңның самалы еседі
Жыр сыйлап жүрегіме
Еліктей қылығың кешегі
Елітер бір өзіңе
Керуен күн аяусыз өтеді
Елес боп күл өмірден
Бәрі де таусылмас ертегі
Жазылған әр көңілден