...

Қуандық Рахым – Бұл-біздің жер! ТЕКСТ

1)
Тарих айтар түртіп қалсаң тасын да,
Асулардан қанат қаққан асуға.
Менің елім мұрагері – Сақ пен Ғұн,
Аңыз болған ғасырлардан ғасырға.

Бабаларым болашақты ойлаған,
Балалары ат үстінде ойнаған.
Менің жерім – шекарасы ерліктің,
Ақ найзаның ұшыменен қорғаған.

[Қайырмасы:]
Бұл – біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын,
Бұл – біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн!
Шығыс, батыс, оңтүстік пен солтүстік,
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!

Бұл – біздің жер! Тамыр жайған тереңге,
Жұмақ мекен, қайсар мінез – өр елге.
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан,
Рухы мықты қандай ел бар әлемде?!

2)
Әнім – ұран, жырым нөсер жауындай,
Алға қадам басып жүрміз жаңылмай.
Менің тілім – тілі Ұлы Абайдың,
“Адамзаттың бәрін сүйген бауырдай!”

Аламанда арғымағым бабында,
Алаш ұлы көш бастайтын жағында.
Менің ұлтым – тектіліктің символы,
Бас иетін қасиетті қанында!

[Қайырмасы]

3)
Көк Түріктің ұрпағымыз айбарлы,
Көк бөрінің намысы бар қайраулы.
Көк туымыз көкпенен тұр таласып,
Көп дүние ақиқатқа айналды-еу!

Алатаудың биігінде асқақ үн,
Қаратауға қарашы бір қас-қағым.
Біздің дала, біздің қала, біздің жер,
Біздің уақыт келді, замандастарым!

куандык,ракым,рақым,бул,биздин,тауелсизбин,казакша,қазақша,андер,әндер,,,,,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qo’shiq so’zlari,Qo’shiq matni,tekst,лирикс,lyrics
4.6 22 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
1 Комментарий
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Ерасыл Қуаныш
Ерасыл Қуаныш
1 год назад

Бұл әннің текстінде қателіктер бар. Түзетілген нұсқа:

Последний раз редактировалось 1 год назад Ерасыл Қуаныш ем
Прокрутить вверх