Күздегі күңіренген күндей,
Мұңайам да өкпелеймін кімге?
Келем үнсіз аңдамай,
Өкініш пе бұл қалай, қалай?
Жеткізбейтін арман-ай,
Өтеді өмір жалған-ай жалған-ай
Амал бар ма, өмір осылай?
Сынағына көнесің, тағдырыңа ересің.
А-а-ай, өтеді зымырай,
Жалған өмір-ай
Көктемгі жадыраған күндей,
Мен қашан жетерімді білмей?
Жауыны көп таңдарай,
Жаным мұңды бұл қалай, қалай?
Өтіп өмір жалған-ай,
Әуресіне салған-ай, салған-ай
Амал бар ма, өмір осылай?
Сынағына көнесің, тағдырыңа ересің.
А-а-ай, өтеді зымырай,
Жалған өмір-ай