...

Жандос Қаржаубай – Бақытың қаншадан?! ТЕКСТ

Өмірде кем сүрме артық керек емес
Сағынып жүрсің бе ол сені елемес
Тамшысы тағдырдың тамған жер бетіне
Сол жерде қап қойған тек жалғыз сен емес

Өмірді қиындатпа жақсы жол табылар
Санаңды қиындатпа жан болсаң бағы бар
Армандар алдамайды арбайды тек қана
Бұл өмір сынақ саған сыйыңды қабыл ал

Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Бақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
Көгіне көтермейтін
Қарызың өтелмейтін
Ей өмір бақытың қаншадан?

Кезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Пенделер шыдамаған шаттықты ай аңсаған
Тұсаудай кесілмеген
Шынжыры шешілмеген
Ей өмір бақытың қаншадан

Бақытсыз барлығы бақытсыз тағдыры
Жауғандай аспаннан жүректің жаңбыры
Күдіксіз көздерде үмітсіз арман бар
Сүйер ем әлемді сейілсе жан мұңы

Алданған көңілдер жалғанған қапалы
Жалғанған жолдарда сезімдер жатады
Тағы не сатылған тағы кім ақ ұрған
Бақытың ақ таңы қай кезде атады

Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Бақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
Көгіне көтермейтін
Қарызың өтелмейтін
Ей өмір бақытың қаншадан?

Кезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Пенделер шыдамаған шаттықты ай аңсаған
Тұсаудай кесілмеген
Шынжыры шешілмеген
Ей өмір бақытың қаншадан

каржаубай,титыктап,тургызбаган,тагдырга,бакытка,бургызбаган,бакытын,каншадан,казакша,қазақша,андер,әндер,,,,,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qo’shiq so’zlari,Qo’shiq matni,tekst,лирикс,lyrics
4.3 69 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх