Бармақтай бақ па деп ем маған берген,
Тағдыр сый аямапты ау табанды ерден.
Жүректің аққан жасы жаңбыр болып,
Жаңбырдан жаурап жатыр жалаң кеудем!
Білмеймін бірақ,дертімді кім ұғынды?!
Тұмшалады өмір,мөп-мөлдір тұнығымды.
Қоспаған оған,түсінбей қалдым тағдырды!
Ол мені жалғыз…
Ол мені жалғыз…
Ол мені жалғыз қалдырды!
Ол мені жалғыз…
Ол мені жалғыз…
Ол мені жалғыз қалдырды!
Жарқ еткен өмірдегі жарығым-ай,
Жабырқау жанның неге хәлі бұлай?!
Ол өткен мұң көпірден мен де өтермін,
Жалғыздың қай-кезде де жары Құдай!