Өзің едің қалауы жүрегімнің,
Бәрібір қосылмадық, уақытты бос ұрладық,
Қайтем, өкінем…
Орындалмай қалғаны тілегімнің,
Оның да себебі көп, айтудың керегі жоқ,
Тек өтінем…
Сағынбаймын – деп жүректі алдамашы,
Мен үшін бөлек естелік боп қалшы.
Ұмыту керек, әмір жүрсе жүрегіме…
Сонда да сен сәнісің өмірімнің,
Көндірмес жүректі ешкім, мен саған тілектеспін,
Бақыт тіледім…
Кімге керек қалғаны көңілімнің,
Сағыныш қинайтынын, біле жүр қимайтынын,
Тек жүрегім…