Қанбай ішкен қырдағы ақ тұмадан
Қайран сол бір күндер-ай пәк күнәдан
Ақ таяқты астына ат қып мініп
Арасында әр үйдің шапқылаған
Бұлдырап жастық дүрмегі
Зымырап уақыт ілгері
Шалқыған жасыл көлдер-ай
Жайқалған қызыл көлдер-ай
Қадіріңді кім білген
Бал балалық күндер-ай
Қозы бағып доп қуып шалғын шалған
Шалғы шалып үлкеннен алғыс алған
Алма-өрігін жымқыртып көршілердің
Таяқ жегем қатыгез кемпір шалдан