Ойын-сауық порталы

Абақ Керей

Абақ керей – “керей” тайпасының бір тармағы.Керейдің “Төр шежіресі” керей этнонимін Абақ(Әппақ) деген әйелмен байланыстырып, А.к-ді сол ананың ұрпағы дейді.Абақ үйсін Самырзаның қызы.Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен.Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп, “Менің ашамайлы Керейім”, – деп ертіп жүреді екен.Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады.Одан Майқы(би Майқы емес), Майқыдан: Ермен – Изен, Жусан туады.А.к-дің қазіргі 12 руы осыдан өрбиді.А.к. 18 ғ-дың соныңы қарай өздерінің ата мекендері Қара Ертіс алқабына, Алтайға оралды.Абылайдан бата алып, ел билеген Жәнібек батыр Бердәулетіұлының тұсында рулы ел болып қалыптасқан.А.к.-Жастабан, Жәдік, Жәнтекей, Ителі, Көнсадақ, Қарақас, Меркіт, Молқы, Сарбас, Шеруші, Шимойын, Шұбарайғыр, деп аталатын 12 ірі, 78 ұсақ аталардан құралады.Әр рудың өз ұран, таңбасы бар, Бас ұрандары – Жәнібек, ортақ таңбасы – абақ.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай, Тарбағатай, Құмыл аймақтарында, Санжы, Бөртала автоном. обл. Гансу, Синхай өлкесіндегі Ақсай, Алтыншоқы автом. ауд-да, Монғолида тұратын қазақтардың басым көпшілігі А.к. руынан тараған.

абак керей, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments