Абай Достық даңғыл көшелер
Қиылысы …
Шаттығы мұңлығы бар
Махаббат жынды қылар
Бір кеште ұнап қалды
Бір ару бір гүлі бар
Секілді өмір мәні
Жұмбақ қыз жолымдағы
Кенеттен сырғып түсті
Бір гүлің қолыңдағы
Бейхабар күзден мүлде
Ертерек үзген гүл ме
Сол гүлді көтерем деп
Еңкейдік біздер бірге
Шарқ ұрып шағала мұң
Жанымды жараладың
Жүректі өртеп кетті
Жымиып қарағаның
Абай Достық даңғыл көшелер
Қиылысы
Жанардағы жаңбыр көңілдің
Күйініші
Бір кездесіп қалу қайтадан
Мүмкін беді
Гүл ұстаған ару қайдасың
Бұл күндері …
Өзгертіп тағдыр бәрін
Жоғалтып алдым жаным
Кештерге келмей кеттің
Нөмірде қалдырмадың
Сен кеттің жұмбақ болып
Мен қалдым мұздап тоңып
Ал сені алып кетті
Жас жігіт қымбат көлік
Өтер жаз өтер күзбен
Жалғыздық кетер бізден
Сені алып кеткен жігіт
Жүр қазір бөтен қызбен
Мөлт етпей мөлдір жасың
Бақытты болдың ба шын
Бұл тағдыр өміріңнің
Бақ гүлін солдырмасын
Бір гүлін жоғалтқан қыз
Үмітті көп артқанбыз
Бір рет біз көріп қалып
Содан соң жолықпадық