1)Сені көріп бақытым деп таныдым-ау,
Сен жоқ жерде көңілімнің хәлі мынау.
Сұлулықты бойыңа жиып алған,
Сағанда оңай емес жарымғым-ау.
Қ/сы:::::::::::::::::::
Әппақ көңілің,сезімімді құрайсың,
Тәтті-ақ қылығың ғашық қылды құлай шын.
Сүйіп қалдым оның несін сұрайсың?
Көріктім-ау дәл осылай ұнайсың.
2)Сөз айтам деп оқталамда қысыламын,
Орнамасын кеудеңнің тұсына мұң.
Көп сұлудың арасынан таңдап алдым,
Жүрегімді өзіңе мен ұсынамын.