Ойымдағы дүние —
Шағылған әйнек бейне,
Әр сынықтың ішінде
Әртүрлі өмір ме?
Арман тым көп пе әлде?
Мен адасып жүрмін бе?
Бұл сапар шексіздікке —
Ең соңы қай жерде?
Таулардан асып,
Биікке жетем деп
Сапар шектім мен.
Кейде білмеймін
Мені не жетелеп,
Не іздеп келем?
Әйнектегі оюдан
Сансыз тағдыр қойылған,
Әр оюдың ішінде
Бір өмір, бір адам.
Кеңістікке сызылған
Өмір деген ойыннан,
Қашан, қалай шыға алам
Қай кезде оянам?