Ақ жүрегім ақ қардағы, ақ қардағы ақпандағы,
Сақтаулы әлі.
Ақ сезімнің хаттардағы, ақ үмітім ақ таңдағы.
Ақталмады-ай.
Ағалауың басылмады, ақ тілектер қосылмады,
Сосын бәрі.
Азаматың қасыңдағы, ақ орамалың басыңдағы,
Ештеңені жасырмады.
Үмітімді үзе бастағам, көңілсіз жыр тізе бастағам,
Менің ұлы жоспарымсың сен, ееей жүзеге аспаған.
Сенсіз өмір шеттетеді, жігерімді құм етеді,
Күн өтеді.
Жүрек жырын түлетеді, есіміңді естігенде,
Дір етеді.
Орынды ғой дос көруің, сенің қазір басқа өмірің,
Қош көңілің.
Көңілімнен көшпе күнім, кеш десемде кешпе күнім,
Ескірмейтін естелігім.