Ағажан
Бәйтеректей саялы, алақаның аялы
Маңдайымнан сыйпаған менің
Қамқор аға әкедей, еркелеткен мәпелей
Тілегіңнен сый табам сенің
Қарлығаштай қанатың талмай тынбай қағатын
Жасымаған көзіңе сенем
Жетеледің, жеткіздің, қарызымыз көп біздің
Асыл аға өзіңе деген.
Chorus
Құтты болсын ағажан қуанышың
Азамат боп ержетті-ау жубанышың
Өмірінің шырағын сөндірмесін
Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың.
Бізді ойлап жүргенде байқатбастан бір демде
Ержетіпті -ау ұл қызың бүгін.
Кір шалмаған арыңмен, жаздай сұлу, жарыңмен
Жана берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңда аңсап ек, қызмет қып жан салып
Еріп келем ізіңнен сенің.
Тойың тойға ұлассын, бақ даулетің гүл ашып
Нұр таймасын жүзіннен сенің.

