Әні: Абзал Молдабеков
Сөзі: Саят Әбенов
1) Баурап алған сөзбенен,
Жаулап алған көзбенен.
Тым ерекше өзгеден – көңілі.
Маған назар салғаннан,
Бастап бәрін аңғарған,
Өміріме арналған – өмірі.
Қайырмасы:
Менің – мырзам ол біреу-ақ – өзіңсің,
Жүрегімді жаулап алған сезімсің.
Өмірімді жіберетін өзгертіп,
Мен үшін заң – сөзің шын!
Менің – мырзам, менің – патшам өзіңсің!
2) Еркелете білетін,
Қорғаным боп жүретін,
Мен деп өмір сүретін – сыңарым!
Өтсін айлар, жылдар да,
Жүрек соғып тұрғанда,
Сол мырзаммен шыңдарға шығамын!