Ойын-сауық порталы

Аяқ киім кеңейтудің 6 әдісі

Күзгі маусымда қыз-келіншектер гардеробы жаңа туфли және басқа да аяқ киімдермен толығады. Бірақ, арзан әрі жеңілдікпен алғаннан не пайда, сатып алған аяқ киім тар болса? Жаңа аяқ киім аяғыңызды қажамасын десеңіз, кеңестерімізге құлақ түріңіз

1-әдіс. Аяғыңыздың мөлшеріне сай аяқ киім киіңіз.

Қалжың әрине. Төмендегі кеңестер 1-2 размер кіші аяқ киімдерге арналмаған)) Кәсіби мамандар қызметін пайдаланыңыз. Аяқ киім шеберлері сіздің жаңа дүниеңізді қалыпқа салып, ыпйып қойғандай етіп кеңейтіп берега алады. Бңл ең оңай, ең қауіпсіз, бірақ қымбаттау әдіс.

2-әдіс. Аяқ киімді кеңейтуге арналған кәсіби құралдар.

Оларды кез-келген дүкендерден, аяқ киім салондарынан сатып алуға болады. Олардың бірнеше түрі бар: крем, спрей және көбік түрінде. Қолдану өте қарапайым – құралды аяқ киимнің сыртына да, ишине де жағып, 10-12 сағатқа қойып қойыңыз. Есіңізде болсын, күдеріден (замша) және лайктан жасалған аяқ киімдердің тек ішкі жағына жағу керек. Былғары бірден жұмсарып кетпеуі мүмкін, он жаждет процедуры қайталаңыз.

3-әдіс. Механикалық құралдарды пайдалану

Арнайы дүкендерде аяқ киімді кеңейтуге арналған механикалық құрылғылар бар. Ағаштан жасалған формалар былғарыны абайлап керіп, туфли формасын бұзбайды. Күдеріден жасалған аяқ киімдер жуылған соң тарылып қалатыны белгілі. Мұндай құралдарды аяқ киімді кептіру үшін де қолдануға болады.

4-әдіс. Спирт Эритіндісі

Ғй жағдайында аяқ киімді кеңейтудің ең кеңінен таралған түрі. Спирт пен суды 1: 1 қатынасында араластырыңыз. Ерітіндіні бүріккішке (пульверизаторға) йып аяқ киімнің иші-сыртына бүркіңіз. Қалыңдау шұлықпен аяқ киімді үйде жарты сағаттай киіп жүре тұрыңыз.

5-әдіс. Сіркесу эпітіндісі

Бұл әдіс аяқ киіміңіз бақайыңыз немесе өкшеңізді қысқанда тиімді. Аяқ киімнің қажайтын тұстарына сіркесудың 3% ерітіндісін жағып, аяқ формасын қайталайтын зат салып, керип қойыңыз. Былғары жұмсарып, аяғыңызды қажамайтын болады. Айтпақшы, аяқ киимнен жағымсыз иіс шыққанда да сіркесу қышқылымен сүртуге болады.

6-әдіс. Криотерапия

Бүтін, қалыңдау целлофан пакетті аяқ киімнің ішіне салыңыз. Пакеттің ішіне су құйып, кеңістікті толтырыңыз. Пакеттің аузын буып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Суық температура әсерінен су көлемі ұлғайып, аяқ киіміңізді кереді. Бұл әдіс тек күзгі-қысқы аяқ киімдерге арналған, себебі жазғы аяқ киімнің былғарысы суық температураға шыдамауы мүмкін.

аяк киим кенейтудин алты адиси, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments