Адамдық жолға ту алып,күліп өткізші қуанып,
Дүние дейтін шіркін елесті.
Сәттерің болса мұңайған,үмітіңді үзбе құдайдан,
Мүмкін қылған мүмкін еместі…
Мүмкін бәрі…
Көреді айналаң күлкіңді әлі…
Тек өзің түсінесің жаныңды,
Зарыңды шын ұғып,кім тыңдады?!
Мүмкін бәрі…
Бақытты деймісің жұрттың бәрі?
Тағдырың қашанғы жаңбырлатар,
Сейіліп кетер бұл бұлттың бәрі…
Мүмкін бәрі!
Үміт дейтін бір шырақ бар,бәрінде бір-бір сынақ бар.
Сынбайтыныңды дәлелде!
Көңілдің шері толса да,өмірдің шегі болса да,
Мүмкіндік шексіз әлемде!!!