Ойын-сауық порталы

Әйелдің логикасы!!!

“Автобуста келе жатырмын! Жол ақысын төлеуім керек. Жанымда жас қыз тұр. Ол қызға “Сіз” дегенім дұрыс па? Әлде, “Сен” дегенім дұрыс па?! Аздап ойланып көрейін.. Бұл менің шағын-ауданыма апаратын жалғыз маршруттық автобус! Егер, бұл қыз соңғы аялдамаға дейін бара жатқан болса, демек, менің шағын-ауданыма бара жатыр деген сөз. Сөмкесінен Вино көрініп-ақ тұр! Демек, ер адаммен кездесуге бара жатыр! Бөтелкенің сыртына қарасаң, арзан Вино емес! Демек, көрікті жігітке бара жатыр! Біздің шағын-ауданда тек 2 көрікті жігіт бар! Оның біреуі – менің күйеуім, екіншісі – сырттай кездесіп жүрген жігітім! Сырттай кездесіп жүрген жігітке баруы мүмкін емес, себебі оған дәл қазір өзім бара жатырмын! Демек, бұл менің күйеуіммен кездесуге бара жатыр! Ал, менің білуімше (естуімше) ол менің сыртымнан 2 қызбен кездесіп жүр! Бірі – Алтынай, екіншісі – Мадина! Алтынай супермаркетте жұмыс жасайды! Демек ол қазір – жұмыста! Сонда, бұл қыздың аты – Мадина болды ғой! Жарайды онда..”
– Мадина? Жолақысын төлейін деп едім, кондукторға беріп жібересіз бе?
Қыз таң-қалған түрмен:
– Сіз менің атымды қайдан білдіңіз?! )))

айелдин логикасы,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
1 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments