Ойын-сауық порталы

Айгерім Қалаубаева – Жылайды жапырақ ТЕКСТ

Айгерім Қалаубаева – Жылайды жапырақ

Оралмай жүрген жазым ең
Таба алмай жүрген сазым ең
Жолықтың маған ғайыптан
Бұлбұл боп жарқын назыңмен

Сазымен тербеп тәтті әнің
Жүрекке өшпес от салдың
Әніңе ғашық болам деп
Өзіңе ғашық боп қалдым

Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да

Ұмыта алмадым сол күзді
Өртеген еді жалыны
Аңсаумен жүрсін деп бізді
Қоспаған шығар тәңірі

Сырымды қалай жеткізем
Сағынышымсың тек білсең
Қуанышым боп келіп ең
Тәтті мұң сыйлап кеттің сен

Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, айгерим калаубаева, жылайды жапырак
5 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments