Көктем келсе су ағады бұлақтан,
Кеш батады, ерте атады бірақ таң.
Қасы, көзі, қабағында жылу бар,
Бір сұлу бар жас жүрегім ұнатқан.
Тағдыр қосқан сенің теңің болайын,
Қырсық, қиын көңіліңді табайын.
Жігіт емес, күн көзіне көрсетпей,
Тағы-тағы еркелетіп алайын!
Гүлдей нәзігім, күндей нәзігім,
Маған ұнайды сенің наз үнің.
Өзгертпес жаным, тағдыр жазуын.
Келші жаныма, менің нәзігім!
Гүлдің иісі, сенің сепкен әтірің,
Сенсің жаным жүрегіме жақыным.
Ақылыңа сеніп мені таңдай бер,
Алдамайды деп ойлаймын ақылың.
Күтші жаным күшті күннің бәрі алда,
Сол күндерде бірге жүрсек жаманба?
Сені тәтті еркелеткен жарығым,
Білесіңбе, қатты ұнайды мағанда?!