Сен
Ұрлап түнгі ұйқымды
Сенсіз маған біртүрлі
Әдемімсің сүйкімді
Сенің көңіл күйіңді білгім кеп,
Маңдайыңнан иіскеп сүйгім кеп,
Сені тұрмын қатты көргім кеп,
Жаным көргім кеп,бірге жүргім кеп
Ұнайды маған қарап күлгенің,
Менімен қол ұстасып жүргенің,
Сенімен біргемін…
Chorus
Сені ойлағандай ойламаймын ешкімді,
Сенсіз таңым кеш мұңды,
Көңіл күйім бес түрлі…
Алаң болма,адал болшы жаным тек маған,
Айтар сырым көп саған,
Міне қазір кеп қалам…
-Verse:
Сенің сүйем деген сөздеріңді келмейді менің ұмытқым,
Құшағыма келші қылықтым,
Жүрегімді кел де жылытқын…
Еркелеші,маған қарап күлімдеші, тек өзіме тәтті көріктім,
Сағындырмай шықшы күнім
Саған кеп тұрмын…

