verse 1
Досым бауырым ,
Жаным ашыған соң айтам сөздің ауырын
Бәріміз пендеміз е қателестік
Тілеймін деніңнін саулығын
Дәурен өтті ойнап, күле беретін
Ойланбай оңды — солды жүре беретін
Ата-анаңа жетеді еркелегенің
Өмір алда әлі , ертең дегенің
Өмір бір ақ сәт
Кетесің рас зат
Бағала барыңды,
Құдайға шүкір айтып растап
Ал сенде қандай мақсат ?
#chorus
Дегеніңше ләм-мим
Таусылады бір күні фәни
Дүниеде ештеңе жоқ
Өмір бақиии
Ештеңе жоқ бәрі уақытша
Беріліп алдамшы бақытқа
Құрттым қанша уақытты
Уақыттарды
#2 verse
Таң атады , күн батады білмейм түс сияқты
Күндер құнын жоғалтты ұшып құс сияқты
Көбі дүние артынан қуды ит сияқты
Айналам көрсетті шын сыйпатын (япты)
Көлеңкеде қалғанның , шыдамы бітеді
Қарағыңда қалғандар, таңды күтеді
Әрекетің болмаса (дұрыс) , береке қаңғып кетеді

