Ойын-сауық порталы

Әліп – Тама тайпасының бір бұтағы. Тама тайпасы және Әліп пен Жөгі атты бұтақтан тұрады.

Араб алфавитінде “а” орнына қолданылатын бас әріп “алиф” аталады. Біз оны қазақшылап “әліп” дейміз. Көне түркілерде “әліп” – “тақ”, “жеке” мағынасында да айтылған. Мысалы, бала ашатын құмалақтың саны 41 болады. Соның қырығын “жұпқа”, біреуін “таққа” санайды. Балды (болжауды) “жұп” емес, “тақ” шешеді. Құмалақшы қырық бір құмалақты үшке бөледі де, төрт-төрттен бөлшектеп, соңғы бөлшектен “маңдай” аталатын үстіңгі қатарын, ортасынан “белдеу” аталатын орта қатарын, төменнен “аяқ” аталатын соңғы қатарын шығарады. Солай бөлшектегенде “әліп” қай қатарда тұрса, құмалақшы балды соған қарап айтады. Қазақтың “әр істің ақырын күт” деудің орнына “әліптің артын бақ” деуі осыдан. Жалпы алғанда қазақтың рулық таңбалары, көне замандағы әріптер белгісі болу керек деген жорамал бар.

Таманың Әліп деген батыры болған екен. Осы күнге дейін баланың баласына “Әліптің артын бақ” деген өсиетті сөз қалдырған, сондай алдынан кесе-көлденең ешкім тұрмаған батыр екен.

Әліптен тараған ұрпақтар – Құрақ, Жабал, Аташал, Кенжебай, Қызылқұрт (Өтеміс, Сарытама, Қаратама, Қойлыбай, Қошқарбай, Ерназар), Дәулеткелді (Байболат, Бұзау, Жалпақ, Қосбармақ, Есенқарағай, Сыбақ, Құлшыораз, Барақ) руларына бөлінеді. Әліптің таңбасы / (әліп).

алип, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments