Ойын-сауық порталы

Алтынай Жорабаева – Әке туралы жыр ТЕКСТ

Алтынай Жорабаева – Әке туралы жыр

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, аке туралы жыр
4.8 4 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments