Ойын-сауық порталы

Алтынбек Қоразбаев – Айхай, 25! ТЕКСТ

Алтынбек Қоразбаев – Айхай, 25!
Әні: А.Қоразбаев
Сөзі: Т.Әлімбекұлы

1. Жиырма бесте дағы болып едім,
Үйде болмай бөтен жер қонып едім,
Сағындырған жиырма бес!
Шыққан мүйіз кәнікей соныменен,
Сонадайға жетпейді қолым менің
Сағым қуған жиырма бес!

Қ-сы:
Ән салатын,
Тамсанатын,
Жеңгең ұрсып қарсы алатын
Ой, пәлі-ай, сағым қуған жиырма бес!
Жиырма бесте ағаларың,
Күшті болған, балаларым
Ой, пәлі-ай, сағындырған жиырма бес!

2. Жиырма бесті мен дағы көріп едім,
Ақ моншақты әр жерден теріп едім,
Жырға толы, жиырма бес!
Шашбаулыға шашалып бар малымды
Сырғалыға жүректі беріп едім,
Сағым қуған, жиырма бес!

Қ-сы:
От болатын,
Шоқ болатын,
Бар болатын, жоқ болатын
Ой, пәлі-ай, жырға толы жиырма бес!
Түн ұйқысын
Төрт бөлетін,
Жанып кейде, өртенетін
Ой, пәлі-ай, сағым қуған, жиырма бес!

3. Жиырма бесті мен дағы өлең еттім,
Төрт сұлуды бір күнде керек еттім,
Сағындырған, жиырма бес!
Ұмытпадым сонда да ошағымды
Көрдіңдер ме, не деген кереметпін!
Сағым қуған, жиырма бес!

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, алтынбек коразбаев
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments