Ойын-сауық порталы

АНА ТІЛЕГІ

Табыстырып махаббат-алау, жалын,

Орындапты екі жас пәк арманын.

Біріңді -бірің сүйіп, отау құрдың,

Құтты болсын алғашқы қадамдарың.

Өмір-керуен,

Әлі алда бақ сынар күн,

Көрініңдер қасынан жақсылардың.

Ақ батамды беремін қос батама,

Бір құдай мен құдама тапсырамын.

Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,

Қуанышсыз өтпсін бір күніміз.

Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,

Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.

Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,

Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!

Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,

Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!

ана, тилек, тілек, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments