Ойын-сауық порталы

Антракт ғана…

Бұл хикаяны үзілмейтін хикая деп те айтуға болады. Себебі әр оқиғаның басы мен аяғы болады. Ал менің хикаямның басы бар да, аяғы жоқ,себебі ол әлі күнге дейін жалғасып келеді,әрі қарай жалғаса береді.
Күз.1-ші қыркүйек.Университет.Барлық студенттер оқуға келіп,өздерінің топтарын іздеп,көптен көрмеген достарын көріп қуанып жүр.Мен ол кезде 2-ші курс студенті едім. Мен де университетке барып,достарымды көріп ерекше қуанышқа бөленіп,езуімнен күлкі кетпей жүрген едім.Сөйтіп тысқа шығып отырғанымда алдымнан бір сүйкімді қыз өте шықты.Менің көздерім сол қызға караумен болды.Оның бір көргеннен көздің жауын алатындай әдемілігі,сүйкімділігі бар еді.Алғашқы күндері мән бере қоймадым.Себебі ойымда басқа нәрселер болған.Уақыт өте келе сол қызды күнде көретін болдым.Есімі Айдана болатын.Ол кезде Айдана 1-ші курста оқитын. Айданаға көзқарасым күннен-күнге өзгере бастады. Көңіл-күйім болмағанда,Айдананы көруге асығатынмын.Себебі оны көргенде еліктің лағын көргендей сұлулықтың тұңғиыққа еніп, бір ерекше сезімге бөленетінмін.Сол сәтте барлық нәрсені ұмытып,бар ойым тек соны ойлаумен болатын.Көп уақыт бойы онымен танысуға батылым жетпеді,достарым таныстырамыз деді оған да көнбедім.Себебі ерте келген махаббат ерте кетеді деген бар емес пе. Сөйтіп арада біраз уақыт өтті,ал Айдана болса маған көңіл-күй сыйлайтын мейірімді періштеге айналды.
Айданамен мамыр айында танысқанбыз. Жақынырақ танысып,бос уақытты бірге өткізетінбіз. Бірақ сонда да мен оны жақсы көретінімді айтпадым. Жазғы каникулға кеткен соң мүлдем хабарласпай кеттік.Себебін өзімде түсінбедім. Содан кейін арамыз суып кеткендей ме,әлде бұл махаббаттың сынағы ма,әйтеуір осы кезге дейін бір-бірімізді көргенде ғана амандасамыз. Мен қанша оны ұмытқым келсе де, одан басқа қызбен жүрсем оны ұмыта алмаймын.Енді қазір ешкімге көңіл аудармай,тек Айдананы ғана күтудемін. Соңғы кездері оны түсімде көретін болғанмын.
Міне менің хикаямнын басы. Бұл хикаяның әлі жалғасы барына сенемін. Себебі бұл уақытша үзіліс,антракт ғана…

антракт гана,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments