Ойын-сауық порталы

Ақ бидай немесе Жасай бер қазақ ТЕКСТ

Ақ бидай немесе Жасай бер қазақ
Композитор: Е. Хасанғалиев

Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім,
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!

Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!

Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.

Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, ак бидай, жасай бер казак
1 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments