Сәуіржан Төлеш
1. Мойылгөз, момын көріктім,
Түсімде сені көріппін.
Толқыны долы теңізде
Желкенсіз желде желіктім,
Желкенсіз желде желіктім.
Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.
2. Бермейді тыным жүрегім,
Қалың бір ойдан жүдедім.
Көктемде шығып, күзде өлген
Махаббат қандай гүл едің,
Махаббат қандай гүл едің.
Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.
3. Кездер-ай қайтып келмейтін,
Арман-ай ие бермейтін.
Өткен шақ, сенің еншіңе
Арнадым өлең өлмейтін,
Арнадым өлең өлмейтін.
Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.