1) Жанарымның жарқылы,
Бақытымның бақшасы,
Тағдырымның тартуы,
Жүрегімнің патшасы!
Сен болмасаң өмір де
Жанымды жалықтырған!
Шүкір етем Тәңірге
Өзіңді жолықтырған…
Қ/сы:
Бақыттымын жаным өзіңменен!
Өмір сүрейін тұп-тұнық көзіңде мен!
Мен саған дейін мұндай шын бақытты сезінбегем❤
Басталады өмір өте қызық!
Махаббат—айдын, кетпейік жеке жүзіп,
Сақталсын мәңгі жаным біздер таққан неке жүзік!..♥
2) Жаным сені көрдім де
Ешбір жанды көрмедім
Махаббатқа сендірген
Ханзадамсың сен менің!..
Арманыма баруға
Шабытты сенен алам
Аман жүрші жанымда
Жүрекке керек адам…