Ойын-сауық порталы

Аралдан ұшқан аққулар ТЕКСТ

Аралдан ұшқан аққулар

Құстардың қайда базары
Тарқаған түсіп ажары
Жаралы жүрек жадардай
Төмендеп теңіз назары
Бұлттардай жүзген ақ ала
Жападан жалғыз шағала
Қоштасқан қайран Аралмен
Қайғылы мұңды жағада

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны – Өмір ең, Аралым

Жыл сайын көктем жетеді
Сені іздеп құстың мекені
Ұясыз қалған аққулар
Қона алмай ұшып өтеді
Айдыңды шалқар Аралым
Балалық шағым жанарым
Айдында жүзген құсың ем
Алыстап кетіп барамын

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны – Өмір ең, Аралым

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны – Өмір ең, Аралым

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, аралдан ушкан аккулар
5 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments