Ойын-сауық порталы

Арнау – Махаббат жыры ТЕКСТ

Арнау – Махаббат жыры

Жігіт жырлар Жібектей,
Қозы сүйген Баяндай,
Еңлік пен Кебектей – Махаббатым-ай!
Шапағатпен таң атқан,
Ғашықтармен санасқан,
Болсын мәңгі көк аспан.

Шоқ жеткен Тұрандай,
Есіп жүрген Құландай,
Табиғатпен сыңардай – Махаббатым-ай!
Көңілі ауып адасқан,
Сезім билеп таласқан,
Сенсің маған жарасқан.

Махаббаттың қадірлеп заңдарын
Адамның бітпес арманы.
Осы бір әнді саған арнадым,
Өмірлік менің жан жарым.

Танып сені алыстан,
Серттесіп қол алысқан
Сағынышпен табысқан – Махаббатым-ай!
Жылы жүзді сымбаттым,
Жүрек атын тулаттың,
Сүйем сені, қымбаттым.

Сәулесі бол күнімнің,
Сусыны бол жерімнің,
Жұлдызы бол түнімнің – Махаббатым-ай!
Шырағы бол жырымның,
Сыңары бол тағымның,
Тұмары бол бағымның.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер
4.5 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments