Әні мен сөзі Асан Пердешов
1. Аппақ қардай ажарың
Көңілімді тербеді
Күлімдеген жанарың
Көз алдымнан кетпеді
Қалықтаған аппақ қар
Мені еріксіз тербеді
Сені алғаш көргенде
Қардың қызы деп едім
Қ/сы
Аппақ қарлар арасында
Күлімдейді елесің
Күлімдеген қар қызы
Енді қашан келесің..?
2 Бізді қосқан аппақ қар
Жапалақтап тоқтады
Қосты бізді ақ таңдар
Тағдыр неге қоспады
Алып ұшып көңілім
Аппақ қарды аңсады
Сол ақ қардың ішінде
Көңіл сені жоқтады…
Қ/сы
Аппақ қарлар арасында
Күлімдейді елесің
Күлімдеген қар қызы
Енді қашан келесің..?