Қаншама сезім жатыр айтылмай,
Айта алмай бәрін де, сөзім жетпейтіндей… неге?
Жасырмай бәрін айтуға не кедергі?
Бәлкім, саған деген сезімді сөзбен жеткізу —
Ол өте қиын…
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Сен болшы жанымда әрдайым.
Табиғатың сұлу сондай —
Қарай берем үнсіз, тоймай.
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Сен болшы жанымда әрдайым.
Табиғатың сұлу сондай —
Қарай берем үнсіз, тоймай.
Күлімдеп қарағаның ұдайы,
Өзгеше — қарапайым оттай.
Көздерің дара, fine loot-тай,
Сөздерімді миыңа сақта, жинай.
Айтылды сөздерім — оқтай,
Байқамай қалдың ба, ұқпай?
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Жанымда болсаң —
Маған бәрі де оп-оңай.
Жасырмай бәрін айтуға не кедергі?
Бәлкім, саған деген сезімді сөзбен жеткізу —
Ол өте қиын…
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Сен болшы жанымда әрдайым.
Табиғатың сұлу сондай —
Қарай берем үнсіз, тоймай.
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Сен болшы жанымда әрдайым.
Табиғатың сұлу сондай —
Қарай берем үнсіз, тоймай.
Аспанда — жұлдыз, жарық ай,
Сен болшы жанымда әрдайым.
Табиғатың сұлу сондай —
Қарай берем үнсіз, тоймай.

