Асқар Жүнісбеков – Сен қасымда болмасаң
Ешбір ғажап қызықтырмас менің жанымды,
Сен қасымда болмасаң .
Өмір азап солғын тартар жүрек жалынды,
Сен қасымда болмасаң .
Түн де күліп тамылжымас, таң да атпайды ,
Сен қасымда болмасаң .
Күн де түнді тартып алып нұрын шашпайды,
Сен қасымда болмасаң .
Қайырмасы:
Баурап алатын дидарың қандай?
Қарай берем мен көзімді алмай .
Жаутаң кағатын жанарың қандай?
Арай төгетін алтын таңдай.
Табиғат та тамашасын жасырып алған,
Сен қасымда болмасаң .
Бір сұлулык байқалмайды қасымда қалған,
Сен қасымда болмасаң .
Күн де бір сәт көтерілмей жүрек жылайды,
Сен қасымда болмасаң .
Бар әлемнің бар байлығы, бар байлығы түкке тұрмас,
Сен қасымда болмасаң.
Қайырмасы:
Баурап алатын дидарың қандай?
Қарай берем мен көзімді алмай.
Жаутаң кағатын жанарың кандай?
Арай төгетін алтын таңдай.