Сезім дейтін сен маған сый бердің,
Мен жалғанда шынайы сүйгенмін.
Кешір халқам бұл күні өзіңнен,
Сүйіп тұрып сүймеуді үйрендім.
Махаббатың алауы өшпеген,
Сағынумен әр сәтті кешкен ем.
Сүйем деген өзіңді жүректен,
Сөз де шығады екен қош деген.
Қайырмасы:
Сағынбаймын, ал жүрегім сағынбаған,
Сағынбаймын, жан – жүрегім ауырса да.
Бағынбаймын, мен сезімге сағынбаймын.
Саған да енді бір бақыт кезігер,
Маған да енді бір бақыт кезігер.
Махаббаттың не екенін расында,
Қоштасқандар жанымен сезінер.
Қайырмасы:
Сағынбаймын, ал жүрегім сағынбаған,
Сағынбаймын, жан – жүрегім ауырса да.
Бағынбаймын, мен сезімге, сағынбаймын.
Подписаться
0 Комментарии
Старые