Ойын-сауық порталы

БАЙБАҚТЫ

БАЙБАҚТЫ

Ұраны Дауқара, таңбасы:

Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып отыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байланысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс ( ^>-) пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшақтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірінші болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады.
Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: у—, ~п, және . (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана ^ белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшеленеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М.Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.

байбакты, байбактылар, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments