Алдымда тұр елесің
Мен оған тіл қатамын
Күн сайын гүлденесің
Жүректі жырлатамын
Ерекше бір бейнесің
Жаныма қымбат бағым
Не десе о десің
Өзіңсің ұнатқаным
Ешкімге ұқсамаған,
Қылығың балдай тәтті
Бақ құсы қонса маған,
Сол бағым сен сияқты.
Сені іздеп күн санағам,
Өткізіп әрбір сәті.
Ешқашан жасырмағам,
Мендегі махаббатты.
Аламын сені бір күн,
Құлыптап жүрегіме.
Бар болса сенің күлкің,
Басқаның керегі не?
Айналдым сенен, шіркін,
Қош келдің өміріме.
Жағады мінез құлқың,
Мендегі көңіліме.
Көздерің сыр сақтаған,
Сөздерің жанға емші.
Қос ғашық болсақ табам,
Сүюге себеп, сенші.
Көрінші бір сәт маған,
Қасыма менің келші,
Ешкімге ұстатпаған,
Қолыңды маған берші.
Бал тамған дауысыңда,
Жаныңның лебізі бар.
Көзіңнің қарасында,
Сезімнің теңізі бар,
Жүрегіңнің расында,
Мендегі егізі бар,
Жанымда боласың бо?
Сұлуым, мінезі бал
Аламын сені бір күн,
Құлыптап жүрегіме.
Бар болса сенің күлкің,
Басқаның керегі не?
Айналдым сенен, шіркін,
Қош келдің өміріме.
Жағады мінез құлқың,
Мендегі көңіліме.