Елім дегендер, қамың жегендер
Адал өреңдер, намысы қайнағандар
Елі үшін, ары үшін.
Қайратың қайрағандар
Қазақтың бағы үшін.
Сақтан, алашым, иманың – жиғаның,
Байқа аңғалым, жат қылар жанашырды.
Дос қылар жаманды,
Әзәзіл-аярлар бар, айырар араңды.
Ооооооо оооооо ооооооооооооу
Баю үшін бағың да сатқандар,
Тою үшін де тоның да, арың сатқан,
Құлданған санасы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Рухың кешегі, қайда қазағым?
Қайда барасың,
Мұңым сен, жатсам, тұрсам,
Жанымның ардағы.
Бауырлық бірлегенде,
Бағыңның орнауы.
Ооооооо оооооо ооооооооооооу
Бойға сенім бере алсам деп едім,
Шемен-шеріңе дәруің болсам деп ем,
Уытты, қуатты.
Шыңыңа қонса ерлер, қырандай мұратты
Күндер өтер, жылдар жетеді, бәрі кетеді,
Жалынды жырым қалар,
Жаныңды тербеген.
Алдаспан айбарлы жыр
Жауыңа сермеген.
Қазақ елім, сүйеніш асқарым,
Қайсар қалпыңнан айныма,
Мұнарта бер, айбарлы асқағым.
Жауыңа мұң арта бер,
Серпілсің аспаның.
Серпіліп көк-аспаның,
Серпілсің санасы.
Ел мен ер бізге аманат
Алаштың баласы.
Ел мен ер бізге аманат
Алаштың баласы.
Подписаться
0 Комментарии
Старые