әні: Бекберди Шарипов
сөзі: Медет Нұркали
1-куп:
Неге қарадың, түсіп қабағың?
Жабырқаулы ма жанарың.
Көріп, көрмегендей, сезіп, білмегендей
Сен менің сезіміммен ойнадың.
1-Рэп:
Махаббат берген соң тәңір
Жүрекке жүрмейді әмір
Таусылды төзім, сарқылды сабыр.
Соғысқан көздер, тоғысқан тағдыр.
Өтпелі бұл сын, кеткелі тұрсың.
Ұшағың ұшпай, ұстап тұр тылсым.
Жасыңды төкпе, жойылсын өкпе,
Мен сүйген ару, өтінемін кетпе.
Қайырма:
Жанымда қалмасаң, қалма,
Жүректі алдасаң, алда.
Менімен бармасаң, барма,
Түсесің бір күні торға.
Сұлуым ендеше, жүрегің көнбесе
Біліп жүрші бір күні
Сені гүлім алып қашамын.
2-Рэп:
Алып қашамын, алып қаламын,
Арасынан бұл алып қаланың.
Мен бүгін, ертең барып қаламын,
Мекен жайыңды тауып қарағым.
Тіл қатшы хат пен хабарламаға,
Бір минутыңды маған арнада.
Сезімнің ісін, сөзімнен түсін,
Жүректі өзге, жаным таңдама.
2-куп:
Мен сені іздеп барам,
Қаласаң сырға салам,
Жарығым сезіп, білгейсің.
Жар қылып сені алам,
Бақытың болып қалам,
Жолымды тосып жүргейсің.