Сендегі көйлек өзіңе ғана жарасқан
Жердегі гүлдің сұлулығымен таласқан
Етегі ұзын тобықтан ғана сәл асқан
Мен саған солай ғашық боп естен адасқам
Аруым ұнадың қатты
Қылығың тәтті
Бірге болсам өзіңмен
Жүрейік бағалап бақты
Ең қызық сәтті
Махаббатты
Күнім-ау сен киген көйлек
Тұрғандай сөйлеп
Өзіңе жарасымды
Өзіңе барғым-ақ келеді
Іздемей себеп
Шын сүйген махаббатым
Сен киген көйлек үйлескен сұлу даламмен
Сен болмасаң сүйсініп саған жаным қарарма-ем!?
Сен сондай көркем әдемі болып тумасаң
Мен саған ессіз, себепсіз ғашық боларма-ем!?
Сен киген көйлек жасырып қойған арыңды
Арыңмен қоса қорғайды таза жаныңды
Күнәдан сенің иманың биік болмаса
Алдыңа төсеп бермейтін едім барымды